Т.Жаманмұрынов атындағы ЖББ орта мектебің тарихы
Т.Жаманмұрынов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің тарихы 1945-1952 жылдар аралығында «Бірлік» бастауыш мектебі болып құрылды. 1952-1955 жылдары Э. Тельман атындағы бастауыш мектебі болды. 1955-1957 жылдары Тәуіп жеті жылдық мектебі, 1957-1977 жылдары Э. Тельман атындағы бастауыш мектебі, 1977-1991 жылдары Э. Тельман атындағы сегіз жылдық мектебі, 1991-1995 жылдары аралығында Э. Тельман атындағы орталау мектебі болып аталды. Сонымен қатар мектепке 1995 жылдан бастап ҚР Үкіметінің №384 қаулысымен Тельман атындағы орталау мектепке жерлесіміз, қоғам қайраткері Т.Жаманмұрынов есімі берілді. 1995-2000 жылдары аралығында Т. Жаманмұрынов атындағы орталау мектебі, 2000-2018 жылдары Т. Жаманмұрынов атындағы орта мектебі болып аталды. Мектеп 2009 жылы типтік жобада салынған жаңа ғимаратқа көшіп, уақыт талабына сай жабдықталды. 2013 жылы Т.Жаманмұрыновтың 125 жылдығы аудан көлемінде аталып өтілді. Сонымен қатар, 2013 жылы Т.Жаманмұрыновтың 125 жылдығына орай мектебімізде Т.Жаманмұрыновтың әдістемелік кабинеті ашылды және 2021 жылы кабинет замануи үлгіде қайтадан жасақталды. 2018 жылдан бастап Т. Жаманмұрынов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі болып аталып келеді.
Мектеп басқарған басшылар
1. Дүкенбаева Қаным 1945-1947жж
2.Еламанов Қаппаз 1947-1952жж
3.Байғанов Жеткер 1952-1955жж
4. Отарова Муса 1955-1957жж
5. Айтжанов Ақаш 1957-1953жж
6. Биттібасов Омар 1953- 1977ж
7. Айтқұлов Қуаныш 1977-1979жж
8. Қалмағанбетов Марат 1979-1984жж
9. Балданов Болат 1984-1993жж
10. Жүсіпов Нұрболат 1993-1995жж
11. Қаракесеков Ырғызбай 1995-1998жж
12. Тұрмағанбетов Ғазизбек 1998-1999жж
13. Жұбаназаров Серім 1999-2001жж
14. Кішкентай Жиенғали 2001-2004жж
15. Сүлеймен Әбдуали 2004-2005жж
16. Хамзина Майра 2005-2006жж
17. Қаракесеков Ырғызбай 2006-2010жж
18. Нұрмахан Ерік 2010-2012жж
19. Алданов Айбек 2013-2016жж
20. Аманжол Бахраман 2016-2019жж
21. Нұрманова Гүлжайнар 2019-2021жж
22. Қуандықов Жасұлан 2021 жылдан бастап мектеп директорының
қызметін атқаруда.
Мемлекет және қоғам қайраткері
Тел Жаманмұрынов туралы мәлімет
Тел Бұқпанұлы Жаманмұрынов 1888 жылы бұрынғы Торғай облысы, Ырғыз уезі, Аманкөл болысының №7 ауылына қарасты Айзақ ауылында (қазіргі Аманкөл округіне қарасты) дүниеге келген.Бұл жер уақытында Қалмақ Көнек аталығының қонысы саналған. Әкесінен жастай жетім қалған немересін атасы Дәулетүмбет (лақап аты Жаманмұрын) тұрмысының ауырлығына қарамастан, оқытуға күш салды. Ауыл мектебін бітірген соң, Тел Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепке түсіп,кейін Орынбор реальдық училищесіне ауысты.Осы кекзде-ақ Тел жасырын үйірмеге қатысып,жұмысшы табы,шаруалар көтерілісі,Россиядағы революциялық қозғалыс туралы мағұлматтармен алғаш танысты.
Орынбор реальдық училищесін бітірген соң,Петербург политехникалық институтына түсіп,бір жылдан соң денсаулығына байланысты,Москвадағы ауыл шаруашылығы институтына ауысады.Мұнда ол 1913 жылдан 1917 жылға дейін оқыиды.
Тел Бұқпанұлының жары Айғаныс Сарыбатырқызы беріге дейін Ырғызға келіп тұрған.Ол Ы.Алтынсариннің шәкірттерінің бірі,Ырғыз екі кластық училищесінің мұғалімі,өз заманында білімімен,білігімен елге танылған Бөлебай Сарыбатыровтың туған қарындасы.
Тел мен Айғаныс ауылдарының арасы –үш-төрт-ақ шақырым жер.Ұрпақтарына келсек,Тел мен Айғаныстан тараған төрт қыз:Ләйла (1925 жылы туған,Жезқазғанда қайтыс болды), Бибі (1927 жылы туған,Таразда қайтыс болды), Гүлнәр (1932 жылы туған,қазір Шымкентте тұрады), Гүлзада (1936 жылы туған,ол да қайтыс болды). Жиендері негізінен,Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл облыстарында тұрып жатыр.
Бибі Телқызы туралы «Ырғыз» энциклопедиясында жазылыпты: «1926 жылы Ырғызда туып,1994 жылы қайтыс болған.Гидротехника мамандығын меңгерген алғашқы қазақ қыздарының бірі.Техника ғылымдарының кандидаты (1967 жыл), ондаған ғылыми жұмыстардың авторы».
....1916 жылдың желтоқсан айында Әлихани Бөкейханов бастаған,құрамында Тел сынды жастар да бар,он бес адамнан құралған делегация Күнбатыс майданға аттанды.Қазақтың он бес зиялысы І дүниежүзілік соғысқа алынған Ресей армиясының (Минскіде, «Земсоюз») окоп қазу жұмысындағы 100 мың қандасының хал-жағдайын білу үшін барып,қастарында жүріп,әлеуметтік жағдайларын оң шешіп, «.... сендер орыстың тілін,өнерін,мылтық атуды үйреніңдер, «Алашорданың» өз әскерін құрайтын сендерсіңдер» - деп үгіт жүргізіп, әрі орыс тілін білмейтін қара жұмыстағы қазақ жігіттеріне қамқор болып,жігерлендірді.
1917 жылдың көктемінде Күнбатыс майданнан (Минскіден) оралысымен,Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді қайраткерлермен бірге Орынбордағы «Еркін дала» ұйымына мүше болып кіріп,осы ұйым басшылығында болды. «Қазақ» газетінің кезекті санында А.Кенжин,Н.Төреқұлов,Т.Жаманмұрынов, Қ.Болғанбаев,М.Есболов, т.б.-дың қол қойған «Алаш азаматына» атты үндеу-хат жарияланды.Үндеу-хатта: «Ресейдегі ұлы дүбір өзгеріс болғаннан бері барша халықтар ұрандасып,жиылысып,ұйымдасып жатыр.... Жалғыз-ақ буыны қатпаған,біздің қазақ халқының көзсіз көбелектей болып тұрған жайы бар» - дей келе, «Еркін дала» ұйымын құрушы» бір шоқ жастар ортамыздан бір қауым аштық» - деп елге жар салды.
Бұл сол жылы Уақытша үкімет басына келген Керенский мен большевиктердің арасында шиеленісті арпалыс жүріп жатқан кез еді.
1917 жылғы 2-8 сәуір аралығында Орынборда Торғай облыстық Бірінші қазақ сьезі өткізілді.Материалдарда: «Торғай және Орал облыстарының қазақтары үшін» деп айтылғанымен,сьезге Ақмола,Семей,Сырдария облыстарынан,Бөкей ордасынан,Орынбордан делегаттар қатысқан.Сьезде белгілі танымал қайраткерлермен бірге А.Қалменов пен А.Бірімжановта,есімдері жаңадан мәлім бола бастағани Мағжан Жұмабаев,Мұстафа Шоқай,Тел Жаманмұрынов сияқты жас қайраткерлер де болды»-делінген.
1917 жылғы 21-28 шілдеде Орынборда І Жалпықазақ сьезі өтті.Іле-шала І Ырғыз сьезі өткізілді.Сьездің негізгі мақсаты – І Жалпықазақ сьезі жіне оның қаулыларын таныстыру болды.Сьезд Алаш туы астында Қазақ автономиясын құруға қаулы етті.Негізгі баяндаманы Абдолла Теміров жасады.Осы арада айта кетейік, «Алашорда» қозғалысының белсенді өкілдерінің бірі Абдолло Теміров- Торғайдан.Ол Санк-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін 1890 жылы алтын медальмен бітірген.
Осы сьезде Тел Жаманмұрынов төрағалыққа сайланды.(Бір айта кетерлік жағдаят,бірсыпыра деректерде,осы сапарда Торғайдан қызмет бабымен абдолла Теміров,Тел Жаманмұрыновтармен бірге Орынбай Дәулетов те келіп,орнығып,кейінірек Ырғыз уезисполком төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.Оның ұрпақтары қазір –Ырғызда).
1917 жылғы 20-25 тамызда Ақтөбеде өткен Торғай облысы қазақтарының ІІ сьезінде хатшы болды.
1918 жылы ақпанда Ырғыз уездік депутаттар Кеңесі (Совдеп) құрылып,оның төрағалығына Тел Жаманмұрынов сайланады.
1918 жылдың қараша айында Ырғызға Ақтөбе майданына қару-жарақ әкеле жатқан Әліби Жангелдин соғып,қызыл отряд құрып,оның командирлігіне бұрынғы штабс-капитан Кузнецовты ,көмекшілігіне бұрынғы Киселевті тағайындады,оларды коммунистік (большевиктік) партия қатарына қабылдады.Сол жолы Ұ.Құлымбетов, Б.Алманов,М.Дайрабаев,Ә.Тойбазаровтар да партия қатарына қабылданады.Ал Ырғыз совдепінің бұрынғы төрағасы Т.Жаманмұрынов Алаш партиясына кіріп,алашордашылар жағына шығады.
1919 жылдың қаңтар айында Абдолла Теміров,Қырымкерей Сейдалин және Міржақып Дулатовтар басқарған Алашорда отряды Ырғызға шабуыл жасап,оны қоршайды,бірақ қызыл отряд қорғауындағы қаланы ала алмай ,кері шегінуге мәжбүр болады.Ырғыз совдепінде қызмет атқарып жүрген Қуаныш Жұбанов,Жүсіп Ақбаевтар солармен бірге кетеді.
1921жылы Тел Жаманмұрынов орынборғат шақырылып,Халық комиссариятына қызметке алынады.1921-1929 жылдары ол егін шаруашылығы халкомының орынбасары,жабдықтау,мал шаруашылығы,егін шаруашылығы басқармаларының бастығы,санақ басқармасы мен жоспарлау комитетінде-төраға,төрағаның орынбасары қызметтерін атқарған.1921 жылғы 18 маусымда құрылған «Аштарға көмек» комиссиясының мүшесі болған.
1921 жылы 10 желтоқсанда Орынборда Қазақстанда Кеңес құрылысын нығайту,әсіресе,елдегі алапат аштықпен күрес мәселелерін талқылаған коммунистер жиналысы болды.Жиынға ұлты қазақ коммунистер қатысқан.Бұл жиынға Әліби Жангелдин төрағалық етті.Қатысқандар-Әуезов,Алманов,Асылбеков,Нақымжан,Кенжин,Байтұрсынов,Байділдин,Төлепов,
Жаманмұрынов,Сарымолдаев,Жүргенов т.б күн тәртібінде екі мәселе қарлыпты.
Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетуді ұйымдастыру;сондай-ақ қазақ қызметкерлерін жоғары жұмысқа тарту.Түркістан Республикасына қоныс аударғандарды кері қайтарудың амалын қарастыру.1927 жылы Тел Түркісіб темір жолын жобалауға қатысады.
1930 жылы Алаш қозғалысына қатысы болғаны үшін «қылмыстық жауапқа» тартылады.
1932-1933 жылдары Тел Жаманмұрынов Шымкентте түйе шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын құрып,оның директоры,ауыл шаруашылығы тобының меңгерушісі,мал шаруашылығы секторының басшысы қызметтерін атқарған.
1933-1934 жылдары ол-Мемлекттік жоспарлау комиссиясы төралқасының мүшесі.Осы кезде шет жерге көшіп кетушілерді елге қайтару ісімен айналысады.
1934-1937 жылдары Ақтөбе облыстық жоспарлау комиссиясының төрағасы болды.
1936 жылы КСРО –ның Моңғолиядағы елшісі Рысқұловтың тікелелей араласуымен Қазақстан мен Қарақалпақстанды қайтадан көшпелі шаруашылыққа көшіру жөнінде қаулы қабылданы.Ол үшін түйе алдыру керек болды.Осы жұмысқа Моңғолияға Тел Жаманмұрынов жіберіледі.
Басында ес жия алмай жатқан сәтте «Автономия береміз....» деп емексіткен Кеңес өкіметі кейін еңсе тіктеген шағында ұлт тәуелсіздігі жолында еңбек еткен қайраткерлерден құтылуға кірісті .Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатов,Мағжан Жұмабаевтардың жолын құшқан Тел Жаманмұрынов 1937 жылы мамырда ұсталып, «Қазақстанды КСРО-дан бөліп,ұлттық –буржуазиялық мемлекет құрмақшы болған ұйымды құрушылардың бірі»-деген айыппен ату жазасына кесілген. Жоғарыда айтқанымыздай , 1958 жылы ақталған.




